79 жастағы ақтөбелік хоккейші жұртты тамсандырды
Әйтеке би ауданына қарасты ауылдардың бірінде жаңа хоккей алаңының ашылуы кезінде егде тартқан қарттың мұз үстіндегі қимылы жұртты сүйсінтті.
11:30 25.01.2018
Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды
Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында ашылып жатырған хоккей алаңына 79 жастағы зейнеткер қарт Валуев Владимир Иванович те қатысып, салтанатты жағдайда лентасын қиды.
Өзінің хоккей таяғымен мұз айдынының алғашқы шайбасын соқты. Ауыл құрамасының бұрынғы үздік ойыншысы әлі де ширақ екенін тағы бір дәлелдеді.
Аталмыш хоккей алаңы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауыл тұрғындарының өз қаражатына салынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!