{metadescription}
Айдар Шәрібаев чемпиондық белбеу үшін Америкаға аттанды

Айдар Шәрібаев чемпиондық белбеу үшін Америкаға аттанды

Бүгін түнде қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Майамиге аттанды. 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жиын қорытындысы бойынша ол АҚШ-та чемпиондық жекпе-жегін өткізеді. Қазақстандық боксшының чемпиондық үшін айқасы наурыз айына жоспарланған. Әзірге оның қарсыласы белгісіз.

Дегенмен, жеңіл салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental белбеуіне таласады деп күтілуде. Ал Майамиде Шәрібаев өзінің жеке бапкері Осмири Фернандестің қарамағында жаттығады. Алматы әуежайы арқылы ұшқан Айдарды достары мен жақын туыстары шығарып салып, алдағы жекпе-жегіне жеңіс тіледі.

«2018 жылдан үлкен үміт күтемін. Төрт айқас өткізсем деймін. Қазір промоутерлерім айналысып жатыр. Сол төртеудің екеуі чемпиондық жекпе-жектер болуы тиіс. Осы орайда WBA Inter-Continental белбеуі кәсіпқой бокстағы карьерама үлкен серпін беріп, жаңа бағыттар ашады деп ойлаймын. Бұйыртса, осы жолы елге қалайда чемпиондық атақпен оралуға тырысамын, - деді Diamond Ring тілшісіне сұхбат берген Айдар Шәрібаев.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы айқасын өткен жылдың қарашасында колумбиялық Даулис Прескотқа қарсы өткізген жерлесіміз қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірген. Осылайша, Айдар Шәрібаевтың еншісінде жеті жекпе-жек бар. Барлығында жеңіске жетіп, алтауында қарсыласын нокаутпен ұтқан.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде