ВИДЕО: Дәрігер 175 жылға бас бостандығынан айырылды
АҚШ-тың спорттық гимнастика құрамасының бұрынғы дәрігері Ларри Нассара зорлық көрсеткені үшін 175 жылға сотталды.
13:12 26.01.2018
Сотталушы 2193 жылы бостандыққа шығады. Оның атына 140-тан аса әйел арыз түсірген.
Сотталушының үстінен арыз түсіргендердің қатарында америкалық белгілі гимнаст әйелдер — Симона Байлс, Александра Райсман мен Габриэлле Дуглас, сондай-ақ, 2012 жылғы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңген Маккайла Марони бар. Александра Райсман мен Симона Байлс бар.
Мәлімет бойынша, осы іс бойынша 170 адам куәгер ретінде қатысты. Әйелдер жарақаттан алған соң емге барғанда дәрігердің сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттерін көрсеткенін айтқан.
Айта кетейік, сотталушы тек 10 дерекке қатысы бар екенін мойындады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!