Жолсерік 40 градус аязда әжейді далаға қуып шықты
Көкшетауда Омск-Қарағанды пойызының жолсерігі қақаған аязда жолаушыны далаға қуып шықты.
15:40 26.01.2018
Оқиға бірнеше күн бұрын Көкшетау вокзалында болған.
Жәбірленушінің жақындары айтып бергендей, оның анасы мен қызы Астанаға барамыз деп пойызға отырады.
"Роза Мүрсәлімова деген жолсерік билеттерді тексеруге келген. Анам оған өз билеті мен жеке куәлігін және қызыма сенімхатын көрсеткен. Жолсерік қыздың туу туралы куәлігі қайда деп сұрағанда, анам телефонында суреті барын айтады. Алайда құжаттың өзі қолында болмаған. Егер қажет болса, Астана вокзалында туыстарымыздың куәлікті алып келіп көрсететінін де айтыпты", - дейді Диана Жүнісова.
Барлығы осыдан басталған. Әйелдің айуынша, жолсерік оның анасына айқайлап, әбден балағаттап тастапты. Жолаушы аға-жолсерікті шақыруын өтінгенде, ол одан сайын ашуланып кетеді. Құжаттарын далаға лақтырып, аязды күнде өздерін де сыртқа қуып жіберген.
Немересі мен әжесі құжаттарынан айрылып қалудан қорқып, вагоннан түсуге мәжбүр болған.
Айтуынша, ол кезде ауа температурасы -42 грдусты көрсетіп тұрған.
Жолынан қалып, даладағы құжаттарын жылап жинап жүрген жолаушыларды көрші вагонның жолсерігі көріп қалып, өз вагонынан орын тауып берген. Осылайша олар Астанаға жеткен.
Әжей бас қалаға келген бойда жолсеріктің үстінен полицяға шағым жазған. Олар өздерін қиын жағдайда қалдырып кетпек болған вагон қызметкерін жазаламақ ниетте.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!