{metadescription}
ФОТО: Итін сәндемек болып терісін бояумен күйдіріп алды

ФОТО: Итін сәндемек болып терісін бояумен күйдіріп алды

Әйел ерекше тұқымды итін сәндемек болып терісін бояумен күйдіріп алған.

Флорида штатындағы ветеринариялық клиника қызметкерлері аман қалған күшікті Вайолет деп атады. Дәрігерлер жантүршігерлік оқиғадан әрең аман қалған күшік жаңа отбасын табады деп үміттенеді.

Ветеринарлар жағдайы ауыр итті көргенде оның аман қалмайтынына сенімді болған. Қорғансыз жануардың көзі ісініп, ештеңе көрмей қалған және терісі бірнеше жерден күйіп, одан ешқандай тіршілік белгілері байқалмаған. Бірақ жүрегі әлі соғып тұрғандықтан, ветеринарлар күндіз-түні жануардың өмірі үшін күрескен.

Қолынан келгеннің бәрін жасаған дәрігерлер, ол енді оянбайтын шығар деген оймен күшікті ұйықтауға жатқызған. Бірақ Вайолет өзінің өмірге деген ұмтылысын көрсетіп, аман қалды.

Дәрігерлер үш ай емдеу кезінде итке дәрумендер салып, аллергиялық скрабтармен денесін сүртіп, күнделікті шомылдырып отырған.

Бір айдан кейін Вайолеттің терісі қалпына келіп, жаңа түктері өскен. Дәрігерлер әуелі күшіктің әдемілігіне қызыға қарап, сүйсінген.

Қазір күшіктің жағдайы жақсарған, тіпті клиниканың басқа бөлімдеріне кіріп алып тамақ сұрап жүреді екен. Оның жүнінен әлі күнге дейін күлгін түсті бояу кетпеген.

Алайда дәрігерлер күшікті асырап алғысы келетін отбасының оның ерекше түсіне қызығатынына сенімді. Ветеринарлар косметикалық заттармен жануарларға тәжірибе жасауға болмайтынын ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде