{metadescription}
ВИДЕО: Аяғы теріс орналасқан бала

ВИДЕО: Аяғы теріс орналасқан бала

Солтүстік Ирландия дәрігерлері аяғы теріс орналасқан баланың аяғын тігіп берді.

Қатерлі ісігі бар Тристин Стюарттың арманы футбол ойнау болғандықтан, дәрігерлер осындай тәуекелге барған.Тристин Стюарттың 12 жасында аяғы ауыра бастаған. 2016 жылға дейін дәрігерлер себебін түсінбей келген. Кейін оның аяғына артық бұлшықеттер өсіп кеткені белгілі болды.

2017 жылы ақпанда аяғындағы бұлшық еттерін алып тастағаннан кейінгі тексерістен қатерлі ісік анықталған. Осылайша Тристин Стюартқа синовиальдық саркома деп аталатын жұмсақ тіндік қатерлі ісіктің агрессивті түрі деген диагноз қойылды.

Дәрігерлер баланың спортқа деген махаббатын есептей отырып, оның аяғына баламалы ампутация жасауға –айналмалы пластик салуға тәуекел етті. Айналмалы пластик 180 градусқа дейін айналып, қозғалады. Мұндай тәуекелге дәрігерлер алғаш барды.

“Тристин 2 апта ойланып, ота жасауға келісім берді. Ол ампутациядан кейін екі аяғымнан да айырылып қаламын деп қорықты”, -дейді анасы.

Отта сәтті аяқталды. 2018 жылдың қаңтарында Тристин ешқандай көмекші құралдарсыз жүруді үйренді. Оның ендігі мақсаты – жүгіріп кету.

“Қазір оның жасы 15-те. Тристиннің жүгіріп кетуі үшін протезге ақша жинап жатырмыз. Оның ендігі арманы – футболдан паралимпиада ойындарын қатысу”, -дейді Тристиннің анасы.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде