Йемен жағалауында мигранттар қайығы аударылып, 30 адам қаза болды
Аден қаласы маңындағы жағалауда 152 мигрант отырған қайық аударылып, кемінде 30 адам қаза тапты.
15:43 27.01.2018
«Миграция бойынша халықаралық ұйым мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар Ісі Жөніндегі Жоғарғы Коммисарының Басқармасы Йемендегі Аден қаласы жағалауында кемінде 30 босқынның қаза тапқанына наразы әрі қайғырып отыр», - делінген хабарламада.
Көп адам отырған қайық 23 қаңтар күні Сомали мен Эфиопиядан Джибутиге бағыт алған.
«Қайықты арсыз бұзақылар басқарған сияқты. Себебі, олар босқындар мен мигранттардан көп ақша талап еткен», - делінген Миграция бойынша халықаралық ұйым хабарламасында.
Мұнымен қатар, жолаушыларға оқ атылғаны белгілі болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!