Далада түнеп жүрген адамға қайырымды жандар баспана тауып берді
Алматыда мейірімді жандар аязда далада түнеп жүрген адамға баспана тауып берді.
10:00 28.01.2018
Үскірік аязда тұратын жері жоқ тараздық ер адам н көп қабатты тұрғын үйлердің подъезінде түнеп жүріпті.
Оның қиын жағдайын естіген Наталья Василенко əлеуметтік желіге жазды. Еркек 2 ай бойы жалақысын ала алмай, пәтерақысын төлей алмай далада қалған көрінеді. Натальяның жазбасынан кейін еліміздің əр түкпірінен, тіпті Ресей мен Түркиядан қайырымды жандар хабарласып, көмек ұсынды.
«Төлеген 26 қаңтардан бастап жылы пәтерде тұрып жатыр. Ішінде диван, асүй бар. Жылы киім мен ұялы телефон ертең жеткізіледі. Ер адам пәтер ақысын төлей алмаған соң құжаттарын ерікті түрде үй иесіне берген. Қазір үй иесін іздестіріп жатырмыз. Егер таппасақ, құжат жоғалту туралы арыз түсіреміз», - деді алматылық келіншек.
Төлеген подьезде тұрып жатқанда баспалдақтан құлап жарақат алған.
«Төлегенге 6 жыл бойы бірге жұмыс жасаған Сергей есімді азамат көмектеспек болды. Алайда екі күн бұрын баспалдақтан құлап қалғандықтан, ол әлі жұмыс жасауға қауқарсыз. Бірінші ол травматологта қаралады», - деді Наталья.
Төлеген Алматыға бірнеше ай бұрын Тараздан келген.
Оның отбасында қартайған әкесі мен кәмелетке толмаған екі баласы қалған. Жары қайтыс болған соң ер адам Алматыға нәпақа іздеп келген. Қалада басында құрылыста, кейін аула сыпырушы болып күн көрген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!