Əлемдегі ең кəрі горилла көз жұмды
Америкадағы Сан-Диего хайуанаттар бағында ең кəрі маймыл өмірден кеті.
11:00 28.01.2018
Оның жасы 60-қа келген келген болатын.
Вила есімді горилла алпыс жыл өмір сүрген ұрғашы маймыл. Оның артында бес буынның ұрпағы бар екен.
«Горилланың мұндай ұзақ жасауы әлемде өте сирек. Әдетте олар 35-40 жыл ғана жасайды», - дейді Калифорниядағы сафари-парктің жетекшісі Пегги Сегстон.
Дүниедегі ең кәрі гориллалардың тағы бірі Арканзастағы Литл-Рок хайуанаттар бағында тұрады екен. Оның жасы 61 шамасында.
Ол Африкада табиғат ортасында дүниеге келген. Кейін оны адамдар үстап алып горилланы зообаққа тапсырған.
Айта кетсек, өткен жылы қамауда туған және сол кездегі жасы ең үлкен саналған Коло атты кәрі маймыл дүниеден өткен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!