Қытай қазақтары жаңа фильм түсіріп жатыр
ҚХР Іле Қазақ автономиялы облысындағы Нарат деп аталатын жайлауында қазақ тұрмысын негізге алған «Деңшінің кінәсі» атты жаңа картина түсірілуде. Бұл туралы People Daily жазады. Жаңа туындының режиссері қытайда тұратын қандасымыз Қайсар Қабдолдаұлы. Қайсар былтыр маусымда «Тұңғиық» атты фильмін шығарған. Бұл жолы Қытайдағы мықты режиссер, монтаждаушы Жаңи Фанды бірге жұмыс істеуге шақырыпты. Қайсар Қабдоллаұлының жоспарында аталмыш фильмді халқаралық кино фестивальдарына ұсыну бар.
11:54 28.01.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!