{metadescription}
Кабулдағы терактіге қатысты мәлімдеме

Кабулдағы терактіге қатысты мәлімдеме

ҚР СІМ Кабулдағы дипломатиялық ауданда орын алған террористік əрекетке байланысты мәлімдеме жасады

«Қазақстан 28 қаңтарда Кабулдағы дипломатиялық орамда орын алған адамгершілікке жатпайтын, нәтижесінде ондаған бейбіт адамдар қаза болған, террористік әрекетті қатаң айыптайды. Жедел жәрдем көлігін қылмыстық мақсатқа пайдалану - аса жантүршігерлік, арсыз және зұлымдық əрекет, - делінген ҚР СІМ сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Қазақстан Ауғанстан халқы жеткілікті түрде зорлық-зомбылықты басынан кешкенін мәлімдей отырып, халықаралық қоғамдастықты өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мен алдын алу дипломатиясы құралдарын тиімді пайдалану арқылы осы елге қолдау көрсетуге тағы да шақырады.

Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз».

Еске сала кетсек, сенбі күні Кабулдағы терактінің салдарынан 95 адам құрбан болды, 163 адам жарақат алды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі құрбан болғандардың арасында қазақстандықтар туралы мәлімет түспегендігін хабарлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде