МРТ аппараты адамды жұтып қойды
Үндістанда ер адамды МРТ аппараты жұтып қойып, қаза тапты.
13:30 29.01.2018
Қайғылы оқиға Мумбай қаласында болған. Ауруханаға келген емделуші Раджеш Мару (Rajesh Maru) МРТ-зерттеу бөлмесіне темір оттегі баллонымен кірген. Сол сәтте сканердің қуатты магнитті өрісі ер адамды аппараттың ішіне қарай тартып алып, жұтып қойған.
Дереу аппарат өшіріліп, одан жәбірленуші шығарылған. Бірақ, ол алған жарақаттарының салдарынан 10 минуттан кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болған.
Қайтыс болған ер адамның туыстары медициналық мекеменің қызметкерлері аппараттың сөндірулі тұрғанын, кабинетке кіруге болатынын айтты дейді.
Қазіргі таңда полицейлер дәрігер мен аппараттың жұмысына жауапты екі адамға қатысты абайсызда адам өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сондай-ақ, ауруханада болған жайтқа қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!