{metadescription}
ВИДЕО: Әскерилерді әбігерге салған піл

ВИДЕО: Әскерилерді әбігерге салған піл

Азиялық жабайы піл Қытай мен Лаос арасындағы шекаралық өткізу бекетінен өтіп, күзетшілерді әбігерге салды.

Оқиға сыртқы видеобақылау камераларына түсіп қалған. 

Оқиға қаңтардың 27-не қараған түні болған. Шекараны кесіп өткен пілді іздеу үшін екі топ сарбаз жіберілген. Алайда екі сағаттан кейін жануар қайта оралып, шекараны кері кесіп өткен. 

"Қыста орманда азық тапшылық. Пілдердің жақын маңдағы ауылдарға азық іздеп баратынын жиі көреміз", - дейді шекарашылардың бірі Чахе Ли Чжифу.

Азиялық жабайы пілдер Қытайда қорғауға алынған, олардың үш жүздейі Юньнань аймағының ормандарын мекен етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде