{metadescription}
ФОТО: Анкарада Мағжан ақынды ұлықтады

ФОТО: Анкарада Мағжан ақынды ұлықтады

Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына орай, түркі әлемінде 2018 жыл «Мағжан Жұмабаев жылы» болып жарияланған еді.

Жиынды Мағжан ақынның бүкіл түркі халықтары поэзиясына қосқан үлесі туралы кіріспе сөзімен ашқан Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуп Өмероғлы, ақын өлеңдерінің туыстас халықтардың тарихындағы ерекше қызметін атап өтті.

Негізгі баяндаманы жасаған Ферхат Тамир түрік оқырманына Мағжанның өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты деректер ұсынып, бірнеше өлеңіне ғылыми талдаулар жасады.

«Алаш» партиясының қайраткерлері мен Мағжанның рухани байланысын таразылай келіп,  «Жүз жыл бұрынғы қазақ поэзиясында Мағжандай қуатты, ұлтшыл, лирик ақын болған жоқ»,- деді ол.

 Ақпан айының 16-20 күндері Түркияның Кастамону, Анкара қалаларында ақынның туған өлкесінен келетін делегацияның қатысуымен «Мағжан жылының» ашылу салтанаты өтеді деп жоспарлануда.


Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде