ВИДЕО: Жеті жасар мектеп оқушысы қамауға алынды
Майамиде мұғалімді ұрып тастаған 7 жасар бала тұтқындалды.
11:18 30.01.2018
Полиция берген ақпаратқа сәйкес, бала «тамақпен ойнаған соң» ол асханадан қуылған. Коридорда бала мұғалімін кездестіріп қалады да, оны ұрғысы келеді.
Ашулы бала ұстазының арқасынан салып қалады. Оны тоқтатпақ болған кезде де қарсылық танытады.
Осыдан кейін оны психиатриялық сараптамаға жібереді. Баланың анасы оның дені сау, психикасында ешқандай ауытқушылық жоқ деп отыр.
Сондықтан анасы енді мұғалімдер мен полицейлерді сотқа бермекші. Мұғалімі де қарсы арызын дайындап жатыр.
Полицейлер баланы шұғыл қимыл стандарттарына сәйкес тұтқындалды, ешқандай күш көрсету болмады дегенді жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!