"Қазақваген" деген көлік шықты
Бұл автокөліктің көмегімен жолсыз жазық далада өріске мал айдап, қарайлауға болады.
13:32 30.01.2018
Туындыны жасап шығарған Жамбыл облысының тұрғыны - Төлеген Юсупов. Мал шаруашылығының айналасында қызмет етіп, мал соңында адал еңбекпен нәпақасын тауып жүрген қарапайым қойшының қолынан шыққан бұл көлік сала қызметшілері үшін таптырмас көлік.
Атаулы автокөлік үш дөңгелекті мотоциклден жасалған. Өте тиімді және үнемді. Құрастыру кезінде мотоциклге қозғалтқыш және рөл салған.
Сыртын аллюминиймен қаптап, ішіне қуаттағыш, пеш, желдеткіш және ән тыңдауға арналған құрылғы орнатыпты.
Көлік сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Ал, 100 шақырымға бар жоғы 1 литр жанармай жағады.
Қазақвагеннің ішіне 3 адам еркін сыйып кетеді.
Ауыл тұрғындары да өнертапқышты көрген сайын, көңілденіп, мақтауын асырып қояды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!