Үндістанда 21 млн қыз «керек емес» болды
Үндістан үкіметінің мәлімдеуінше, елдегі ата-аналар қыздардың орнына ұл баланы қалауына қарай, 21 миллион «керек емес» қыз анықталыпты.
13:11 30.01.2018
Яғни соншалықты қыздың орнына ата-аналары ұл бала болуын қалайды.
Қаржы министрлігінің есебіне сәйкес, Үндістандағы көп жұп ұл туылғанша дүниеге бала әкеле берген. Бұл отбасылардың ұлды болудағы қалауын көрсетеді. Тек көп қыз туыла берсе, қыздарға арналған ресурстардың азайып қалуына әкеп соғуы мүмкін.
Ведомство берген ақпаратқа сүйенсек, Үндістанда 63 миллион әйел "іс-түссіз жоғалған". Өйткені, ұлды болғысы келгендердің көбісі аборт жасатқан. Яғни, ата-аналар 63 миллион қыз баланы туылмай жатып алдыртып тастаған.
Үндістанда бала дүниеге келмей жатып, оның жынысын анықтауға заңмен тыйым салынады. Бірақ бұл заңды бұзып жатқандар бар және ата-анасы жатырдағы баланың қыз екенін білсе, аборт жасатуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!