Отандасымыздан сескенген Хаким бокстан шеттетілді
Арман Рысбектің кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін болдырмай қойған америкалық Хаким Аткинсон бокстан шеттетіледі.
16:17 30.01.2018
Жекпе-жек АҚШ-та 28 қаңтар күні өтуі керек еді. Бірақ Рысбектің қарсыласы, 24 жастағы Хаким Аткинсон (2-9, 1 КО) кездесуге келмей қойды.
- Аткинсон қорқып қалды. Басқа айтарым жоқ. Арман - қарымды қарсылас. Енді басқа, мықтырақ қарсылас қарастыратын боламыз", - дейді Шарипов.
- Америкалық боксшы неден қорқып қалды? Нокаутқа түсіп қаламын деп пе? Ол жекпе-жек үшін сыйақысын алып қойды ма?
- Иә, ол сыйақыны алды. Шынында нокаутқа түсіп қаламын деп қорқып кетті ол.
- Енді ол қандай жазаға тартылуы мүмкін?
- Оны өмір бойы бокстан шеттетті. Енді ол мүлде жұдырықтаса алмайды. Басқа қалаларды нақты білмеймін, бірақ ол Флоридада жекпе-жек мүлде өткізе алмайды.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!