Қазақстанда зейнетке шығудың жаңа ережесі күшіне енді
1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын кезеңмен 58 жастан 63 жасқа арттыру жөніндегі норма күшіне енді.
09:26 31.01.2018
Қазақстанда биыл 50 мыңға жуық әйел адам зейнетке жаңа ереже бойынша шығады.
Өйткені осы жылдың 1 қаңтарынан әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен 58 жастан 63 жасқа арттыру жөніндегі норма күшіне енді.
Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды.
Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері кесте бойынша беріледі. Бұған дейін зейнетақы жинағын салымшы өз қалауына қарай ай сайын, әр тоқсанда немесе жылына бір рет алатын.
Енді зейнетақы төлемдері ай сайын беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!