{metadescription}
ФОТО: Иранда қыздар хиджаб киюге қарсы шықты

ФОТО: Иранда қыздар хиджаб киюге қарсы шықты

29 қаңтар күні Тегеран қаласында бойжеткендер 40 жылда алғаш рет бас көтерді.

Мұндай шеру елде 1979 жылдан бері болмаған. Наразылықты 31 жастағы Вида Мовахед есімді әйел бастады. 

27 желтоқсан күні ол шашын жайып, дүңгіршектің үстіне шығып, басындағы хиджабын қолына ұстап тұрды.

Осылайша хиджабқа қарсылығын білдірді. Танымал адвокаттың айтуынша, әйел осы әрекетінен соң түрмеге жабылған.

29 қаңтар күні наразылық шеруі жалғасып, үш әйел қарсылығын білдіріп жатты. Желіде олардың суреті «Энгелаб көшесіндегі қыздар» хэштегімен тарады.

Иран мұсылман елі болғандықтан әйелдер мен қыздарға қоғамдық орындарда орамал тағуға міндеттейді.

Кей қыз-келіншектер қоғамдық көліктің жеке мүлік екенін айтып, көлік ішінде жалаңбас отыруды қалайтындарын айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде