Әкесі мен ұлы түсірген сурет елді дүрліктірді
50 жастағы Джон Уикс өзінің 12 жастағы Гарри атты ұлына үй жұмысын орындауға көмектесу үшін Кент графтығындағы Фарнборо қамалына барады.
10:00 01.02.2018
Қамал тарихымен танысып, бірнеше сурет түсірген. Осыдан кейін ол суреттерден беймәлім сұлбаны байқаған.
Джон суретке түсіру кезінде бұл сұлбаны көрмеген, сол үшін беймәлім құбылыстарды зерттейтін маманға барады. Алайда мардымды жауап ала алмаған.
Жергілікті тұрғындар бұл сұлбаның қара сопы екенін және оны бұрын да көргенін айтады.
Аңыз бойынша, оның аты Уильям де Эйнсфорд.
Ол Кентерберий архиепископты күту үшін қамалға қараушы болған, ал 1130 жылы зейнетке шығып, діндарға айналған.
Желі қолданушылары бұл қабырғадағы үңірейген қуыс деген пайым айтқан. Мұны тексеру үшін Джон қамалға қайта барған, бірақ, ол жерде ешқандай да қуыс болмай шықты.
Паронаормалды құбылыстарды зерттейтін маман да оқиға орнына барып, фотосуретті растаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!