{metadescription}
Жапонияда қарттар үйі өртеніп, 11 адам мерт болды
Жапонияның Саппоро қаласында қарттар үйінде шыққан өрттен кем дегенде 11 адам қаза тапты. Ақпаратқа сүйенсек, қарттар үйі сәрсенбі күні кешке өртенген. Оқиға орнына 40 өрт сөндіру тобы жіберілді. Ғимаратта 16 қария тұрған, олар тұрмысы төмен азаматтарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы алып жүріпті. Өрт сөндірушілер 50 мен 80 жас аралығындағы үш ер адам мен екі әйелді құтқарды. Қалған 11-і – сегіз ер адам мен үш әйел қаза болды.
11:21 01.02.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!