Ерлер Азия чемпионатында әйелдер жарысын көре алмайды
Ақпан айының алғашқы күнінде жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өтеді.
12:47 01.02.2018
Бұл құрлық біріншілігіне қатысуға Қазақстан құрамасы да келіп жетті.
Азия чемпионаты Тегерандағы «Афтаб Энгелаб» спорт кешенінде өтеді. Бұл жарыстың бір ерекшілігі, қыздар арасындағы сайыс кезінде манежде ер адам болмауы тиіс.
Аталған ереже тек спортшыларға ғана емес, төреші, техникалық қызметкерлер, бапкерлерге де қатысты.
Сондықтан таңертеннен түске дейін қыздар, күннің екінші жартысында ерлер жарыс жолына шығады. Ал аруларымыз ерлер арасындағы бәскені көрермен ретінде тамашалай алады.
Бірақ Иран Ислам Республикасының нормасына сәйкес, міндетті түрде орамал тағып жабық киініп баруы тиіс. әйелдердің жарысын көруге мүлдем рұқсат жоқ.
Иран астанасындағы жабық кешендегі Азия чемпионатында қыздарымыз 13 сайыстың 11-інде өнер көрсетеді – 60, 400, 1500, 3000 метрге жүгіру, 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета, биіктікке, ұзындыққа, үш қарғып және сырықпен секіру, бессайыс.
Дереккөз: САА ҚР Жеңіл атлетика федерациясының сайты
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!