{metadescription}
ФОТО: Ата-анасы 2 жасар ұлын адам тұрғысыз бөлмеде бағып келген

ФОТО: Ата-анасы 2 жасар ұлын адам тұрғысыз бөлмеде бағып келген

Баланың даму қабілеті төмен болғандықтан, ата-анасы ұлын асырауға шамаларының келмейтінін айтқан. 

 

Донкастерде әлеуметтік қызметкерлер 27 жастағы Керри Рыбак пен 26 жастағы Даррена Стэнлидің үйін көріп, полиция шақырған.

Баланың жатын бөлмесінің қабырғалары мен есіктері нәжіспен ластанған. Бөлменің терезесін қара матамен жауып қойған.

Ал баланың жататын төсегі жоқ болғандықтан, кірлеген матраста ұйықтайды екен.

Ата-анасы 16 айға бас бостандығынан айырылды. Екі жасар бала қәзір бөтен отбасында тәрбиеленуде.

Ата-анада баласына деген ешқандай қамқорлық білінбеген. Полицияға бала кеш дамып келе жатыр деп, ұлдарын тәрбиелеуге дәрменсіз екендерін айтқан.

Туыстарынан қолдау көрмесе де, ерлі-зайыптылар жақсы ата-ана болуға тырысқан. Бұған қарамастан, сот оларды бала тәрбиелеуге дәрменсіз деп таныды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде