Азия чемпионатының алғашқы алтынын Татьяна Нерознак еншіледі
Иран астанасы Тегеран қаласында басталған жабық кешендегі Азия чемпионатынан алғашқы алтынды әйелдер арасында 3000 метрге жүгірген Татьяна Нерознак жеңіп алды.
17:11 01.02.2018
Қостанай облысының спортшысы 3 шақырымға жүгіруден қарсылас шыдатқан жоқ.
ТІпті жапониялық танымал атлет Чикако Мори, Азия ойындарының күміс жүлдегері Садживани Джадхав (Үндістан), көрші қырғыз спортшысы Гүлшана Сатараова да бәсекелес бола алмады.
Сөйтіп, Татьяна Нерознак спорттық карьерасында алғаш рет жабық кешендегі Азия чемпионатында жеңіске жетті. Ол бұған дейін 2014 және 2016 жылдары 800 метрге жүгіруден қола жүлде алған еді.
Дереккөз: САА ҚР Жеңіл атлетика федерациясының сайты
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!