ФОТО: Әйел екі баласын өлтіріп тастады
31 жастағы АҚШ тұрғыны 7 жасар ұлы Тайлер мен 3 жасар қызы Чарлиді өлтірген.
17:49 01.02.2018
Күйеуі ажырасуға өтініш білдіргендіктен, келіншек осындай қадамға барған.
Брэнди мен Джейсон 2009 жылы шаңырақ көтерген. 2016 жылдың қараша айында Джейсон ажырасуға өтініш бергені туралы әйеліне хабарлаған.
Алайда ол оқиғаның соңы дәл осылай аяқталады деп ойламаса керек.
“Егер сол түні Чарлидің бөлмесінен кетпесем, оны құтқарып қалар едім. Әкенің жалғыз парызы – баласын қорғап қалу. Алайда мен оны да жасай алмадым. Мұндай трагедия болады деп ешкім де ойламайды”, – дейді Джейсон Уорли.
Таңғы сағат 4:35-да полицияға Брэндидің өзі хабарласып, балаларын бауыздап өлтіргенін айтқан.
Полицейлер мен дәрігерлер Уорлидің үйіне келіп жеткенде тым кеш еді. Анасы балаларының мойынан бауыздаған, айналаның бәрі қан.
Әйел өз мойнына да пышақ сұғып алған. Ол балаларын өлтірген соң өзіне қол жұмсамақшы болыпты.
Сотта Брэнди өзін кінәлі сезінбейтінін айтқан. Енді ол 15 тәулік ішінде сотқа аппелециялық шағым түсіре алады. Ал бейзбүйрек ананың соңғы үкімі 19 наурызда оқылмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!