Дәріханашы қарақшылық шабуыл жасалды деп өтірік жала жапты
Шымкент қаласы Абай ІІБ-сының ПБ-не қала дәріханаларының біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түсті.
19:14 01.02.2018
Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.
Шағым түсірген дәріханашы әйел дәріхананың ішіне бетперде киген белгісіз біреулердің кіріп кетіп, пышақпен қорқытып, 700 мың теңге ақшаны алып кеткені жайлы хабарлады. Кетер алдында, «жәбірленушінің» айтуынша, қарақшылар оның аяқ-қолын скотчпен байлап тастаған. Бұл дерек ҚР ҚК 192-бабы «Қарақшылық» бойынша СДТБТ-іне тіркелді.
«Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралар барысында бұл ақпараттың жалған боп шыққанын анықтады. Қазір дәріхана қызметкерінің үстінен ҚР ҚК-сінің 419-бабы «Біле тұра жалған шағымдану» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осыған байланысты ол қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады», -делінген ОҚО ІІД-інің Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз-қызметінің мәлімдемесінде.
Оңтүстік қазақстандық полицейлер біле тұра жалған шағым берген үшін 3000 АЕК-не дейін айыппұл төлеу немесе осы көлемде түзету жұмыстарына тартылу, не болмаса үш жылға дейін бостандығынан шектелу, не осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылғанын ескертеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!