ВИДЕО: Ресейлік пилот соңғы демі қалғанша атысқан
Сириядағы Идлиб қаласының жанында террористер атып құлатқан ресейлік Су-25 ұшағының пилоты соңғы демі қалғанша атысқан.
11:48 05.02.2018
Ұшақ құлаған жерден табылған Стечкин тапаншасындағы оқтың саны осыны дәлелдейді.
Жерге еңкейіп құлаған ұшақтан пилот парашютпен ілезде секіріп үлгірген. Бірақ ол террористердің қолына түсіп мерт болды.
РФ Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұшақты атқан - «Хайят Тахрир-аш-Шам» лаңкестік тобының содырлары.
Аталмыш топ «Джебхат-ан-Нусраның» бір тармағы болып саналады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!