ВИДЕО: Мелания Трамп күйеуімен суретке түсуден бас тартты
Батыстық БАҚ-тардың айтуынша, Мелания Трамп күйеуінен қашқақтап қолын бермей, ұшақтың баспалдағынан сүйемелдеусіз өзі түсіп, жылдам жүріп машинаға жалғыз өзі барған.
11:15 05.02.2018
Мелания Трамп жұртшылыққа күйеуімен және оның қарым-қатынасы туралы әңгімеге тағы жол берді.
АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Флоридадағы Palm Beach әуежайында күйеуі - АҚШ президенті Дональд Трамппен бірге суретке түсуден бас тартты.
Хаттамаға сәйкес, олар ұшақтан шыққанда кідірістеп, сосын журналистер алдында суретке түсуі тиіс еді.
Алайда Twiitter-де жарияланған кадрларда Мелания Трэмп Дональдқа қолын бермеді. Ол баспалдақтан жалғыз өзі түсіп, тез арада автокөлікке барады.
Американдық көшбасшы жалғыз өзі фотографтарға қол бұлғап, содан кейін автомобильге барды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!