{metadescription}
Арысқа суға кеткен баланың мәйіті табылмай жатыр

Арысқа суға кеткен баланың мәйіті табылмай жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында суға кеткен 7 жасар баланың мәйіті әлі табылмай жатыр.

 Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қаңтарда Арыс өзеніне ағып кеткен баланы іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

«Іздеу жұмыстарына 11 адам мен 2 техника, ТЖД жедел-құтқару жасағының 1 жүзу құралы жұмылдырылған. Ал, Отырар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің 13 және ішкі істер басқармасының 7 қызметкері және  2 техникасы, жергілікті тұрғынар мен туыстарынан 10 адам іздестіруде», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар 8 градус аязда Арыс өзеніне түсіп,  5 метрге дейін  тереңдіктен іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде