{metadescription}
Астана ІІД 216 адамды жұмысқа шақырады

Астана ІІД 216 адамды жұмысқа шақырады

Елорданың ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев астаналық жол-патрульдік қызметінде 216 бос орынның бар екенін айтты.

«Астанадағы жол-патрульдік қызметте 216 бос орын бар. Осы ақпаратты біле жүріңіздер. Жұмыс істегісі келетіндердің біліктілігі талапқа болса (жұмысқа тұрушының жасы 35 жасқа дейін) жұмысқа алынады. Астана қаласының ғана емес, өзге де өңірлерде тұратын жастарды алуға әзірміз», - дейді Бақытжан Малыбаев.

ЖПҚ-ға жұмысқа тұру үшін ниет білдіруші Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі міндетті емтиханнан өтуі тиіс.

«Емтиханнан өткеннен кейін ниет білдіруші әскери-дәрігерлік комиссиядан өтуі керек. Егер барлық талаптарға сай болса, біз оны белгілі қызметтердің тексерісінен кейін жұмысқа аламыз», - дейді ол.

 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде