{metadescription}
Cоққыға жығылған әйел түсік тастады

Cоққыға жығылған әйел түсік тастады

Шахтинск қалалық соты жүкті әйелді ұрған жергілікті тұрғын қамалды.

Шахтинск қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрынғы құрбысының пәтеріне барған ер адам жанжалдасып қалып, оған қол тигізген.

Жәбірленген әйел полицияға өтініш берген.

«Жарақат салдарынан әйел түсік тастаған. Ымыраға келуден бас тартты. Ер адам айыбын мойындады. Сот оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танып, бір тәулікке қамау туралы шешім қабылдады. Сот-медициналық сараптамаға кеткен шығынды өтеу үшін 11 639 теңге өндірілді», - дейді соттың баспасөз қызметіндегілер.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде