Құрықталған адам мұздай бөлмеде үсіп өлді
Ресейдің Ямал түбегінде жантүршігерлік оқиға болды.
14:10 06.02.2018
Ямал полицейлері үйінде төбелес шығарған ер адамды ұстап, жылытылмаған бөлмеге қамап тастаған. Сосын өздері жаңа жылды тойлауға кетіп қалған.
Екі күннен кейін оралған полицейлер ер адамның үсіген мәйітін тапты.
Красноселькупск ауданының аудандық комиссары Толька ауылында жергілікті тұрғынның өтініші бойынша оның бұзақы күйеуін құрықтаған. Оқиға жаңа жыл қарсаңында, 2017 жылдың 30 желтоқсанында болған. Ұсталғаннан кейін ер адам жылытылмайтын бөлмеге орналастырылған. Осыдан кейін полиция қызметкері оны екі күн бойы ұмытып кетіпті.
Жаңа жыл мерекесінен кейін полиция қызметкері оны есіне алғанымен, тым кеш болды - суық, мұздай бөлмеде ұсталған ер адам қайтыс болды. Сол кезде Ямалда ауа райы 40 градус аяз тұрған.
Мүрденің көзін жою үшін екі полиция қызметкері мұздатылған мүрдені оманға апарып, аязда топырақты қазу мүмкін болмай, қармен көмген.
Осыдан кейін, олар үйіне "қайтып оралғанын" білу үшін ұсталған әйеліне барып, "қамауға алынған күні босатылған" деп айтқан. Тұрғындар жаппай іздеуге кірісіп, мәйітті орманнан тапқан.
Қазір ресми тексеру жүргізілуде, аудандық жедел уәкілетті органның қызметінен босату туралы мәселе шешілуде. Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің Ямал-Ненец автономиялық округі бойынша тергеу бөлімі әлі тергеу барысы туралы ресми ақпарат бермеді.
ДЕРЕККӨЗ: Fishki.net
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!