Кореялық телеарна қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы туралы фильм көрсетеді
Желіде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туралы деректі фильм фрагменті пайда болды.
15:10 06.02.2018
Өзі туралы биографиялық фильмінің фрагментін танымал мәнерлеп сырғанаушы Instagram желісінде жариялады.
Видео корей тілінде ағылшын субтитрімен берілген.
Деректі фильмде спортшының жарақат алғаны, жетістікке жету жолында қандай қиындықтардан өткені баяндалады.
Оның дәрігері Денистің ауырды деп ешқашан налымағанын айтады.
Фильмнің толық нұсқасы сейсенбі күні Астана уақытымен 16:35-те оңтүстіккореялық KBS1 арнасында көрсетіледі. Ретрансляция ақпанның 11-інен 12-сіне қараған түні 21:40-та KBS2 телеарнасында болады деп күтілуде.
Айта кетейік, Қазақстандық Денис Тен 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 және 2015 жылдары мәнерлеп сырғанау бойынша Әлем чемпионатының күміс медалін алған. 2015 жылы
Төрт құрлық чемпионатында жеңіске жетіп, VII қысқы Азиада ойындарының чемпионы атанды. 2017 жылы өткен Қысқы Универсиаданың жеңімпазы.
ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!