{metadescription}
«Cалафиттер» автобус жүргізушілерінен ақша бопсалаған

«Cалафиттер» автобус жүргізушілерінен ақша бопсалаған

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жолаушылар тасымалдаушыларынан ақша бопсалап келген топты ұстады.

Атырау қаласында 2 жыл бойы «Атырау-Астрахан», «Атырау-Орал», «Атырау-Бейнеу» бағыттарында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатындардан ақша қаражаттарын бопсалаумен жүйелі түрде айналысып келген адамдар тобы құрықталды.

Аталған бағыттарда 200-ге жуық автокөлік жүріп тұрған.

Ай сайын әр көлік жүргізушісінен алым-салықтың көлемі 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін құраған.

Ұсталған тұлғалар деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес салафиттік ағымның ұстанушылары болып табылады.

Аталған қылмыс ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Топтың алты белсенді мүшесіне қатысты күзетпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде