Қайын атасын пышақтап тастады
Бұрын сотталып отырып шыққан ер адам тағы да қылмысқа барды.
17:02 06.02.2018
Түрмеден шыққан ер адам әйелімен қосылып, қайын атасымен бірге шарап ішкен.
Бір кезде ол жұбайымен сөзге келіспей айқаласа бастады.
Бұған көрші әйел мен қайын атасы қарап отыра алмай араласып кетті.
Сонда күдікті атасының қолындағы пышақты тартып алып, мойнынан салып қалды.
Бұл оқыс әрекет жәбірленушінің денсаулығына айтарлықтай залал келтірді.
«Сот айыпталушыны ҚР ҚК 106-бабының 1-тарауы бойынша айыпты деп таныды. Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп баяндады Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі.
ДЕРЕККӨЗ: pаtrul.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!