{metadescription}
Ұшақтың шассиі жарылып, өртеніп кетті

Ұшақтың шассиі жарылып, өртеніп кетті

Халықаралық Singapore Airshow 2018 авиасалонында оңтүстіккореялық ұшақ дайындық барысында жанып кетті.

Сейсенбі күні ашылған Singapore Airshow 2018 авиасалонында оңтүстік кореялық «Қара қырандар» пилотаж тобының ұшағы  көрсетілімге дайындық барысында отқа оранды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ұшқыш жеңіл жарақаттар алған. Келтірілген мәліметтерге сүйенсек, дыбыстан жылдам ұшатын оқу-жаттығуға арналған T-50 Golden Eagle реактивтік ұшағы Чанги әуежайынан көтеріле бергенде қоршауларға соғылып артынан өртенген.

Бастапқы мәліметтерге сәйкес ұшақтың шассиі жарылған.

Оқиғадан кейін әуежайдың бір жолағы жабылып, көрсетілімдер уақытша тоқтатылды.

Оңтүстік Корея ұшқыштарынан басқа бұл жерде Индонезия, Малайзия, Сингапур, АҚШ және Тайланд әскери әуе күштерінің  ұшқыштары өз өнерлерін көрсетуі керек болатын.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат


 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде