{metadescription}
Бойжеткенді қайнап тұрған қазанға салып жіберген

Бойжеткенді қайнап тұрған қазанға салып жіберген

Германияда өткен карнавал уақытында 18 жастағы бойжеткен ауыр жарақат алды.

Мыстан кемпір болып киінген екі адам бойжеткенді қайнап тұрған қазанға салып жіберген

Қайнап тұрған қазан карнавалдық арбада тұрған. Күдіктілердің бірі бойжеткенді көтеріп алып, беті жабық қазанның үстіне алып барған.

Ал екінші мыстан кейпіндегі адам қазанның қақпағын ашып, бойжеткенді қайнаған суға салған.

Карнавал уақыты болғандықтан, қатысушылар бұл оқиғаға мән бермеген. Нәтижесінде бойжеткен ауыр дене жарақатын алған.

Қазір Эппинген қаласының құқық қорғаушылары күдіктілерді іздесту үстінде. Бірақ екі «мыстан да» әлі табылмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде