ФОТО: Ойыншық жолбарыстан қорыққан полицейлер
Сиыр қорасында жыртқыш жануарды көрген 24 жастағы Брюс Грубб атты малшы дереу полицейлерді шақырған.
13:41 07.02.2018
Шақыртуға қарулы полицейлер бірден келіп жеткен. Дегенмен олар жолбарысты көріп, көліктерінен шықпай қойған.
Оқиға Шотландияның Абердиншир аймағында болған. Біраз уақыттан кейін малшының өзі жолбарыстың ештеңеге елеңдемейтінін байқайды да, оған көлігімен жақын келеді.
Осыдан кейін ғана полицейлер мен малшы өздерін сонша үрейлендірген жолбарыстың жұмсақ ойыншық екеніне көзі жеткен.
Сиыр қораға кіргенімде оның шын жолбарыс екеніне күмәнім болмаған. Шошып кеттім, оның үстіне полиция келгенше ол сиырларымды жарып тастайды деп қорықтым", - дейді Брюс Грубб.
Малшы бұл аймаққа үш апта бұрын көшіп келіп, соның құрметіне кішігірм той жасаған. Ойыншықты мас қонақтарының бірі қалжыңдап қойып кеткен болу керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!