Жасөспірімнің асқазанынан 3 келідей шаш шықты
Түркиядағы Конья қаласының 12 жастағы тұрғыны Неслихан Каракоч үш жыл бойы ішінің ауыратынын айтып шағымданған.
10:31 08.02.2018
Соңғы кезде қыздың ауруы асқынып, ата-анасы оны дәрігерге апаруға тура келген.
Оның асқазанынан 2 келі 850 грамм болатын шаш пен сағыздан құралған масса шыққан.
Ал баланың ішінен шыққан кесектің диаметрі 20 сантиметрді құраған. Неслихан өзінің шашын шайнауды, бұған қоса шайнаған сағыздарын жұтуды әдетке айналдырып келген екен.
Жергілікті аурухананың хирургы Бюлент Эреноглу 12 жастағы қызды қарап, қарын бөлігінің нығыздап қатайғанын байқайды.
Томография түсіріліп, кейін балақайға операция жасалады.
«Ол 50-ге жуық сағыз жұтқан, соның салдарынан асқазанындағы жұтқан шаштары қатты массаға айнала берген. Неслихан ішінің қатуына, қарнының ауруына және нашар тәбетіне шағымданған. Ал негізі шашты жеу - ол ауру», - дейді Бюлент Эреноглу.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!