ФОТО: Миллион доллар тұратын қалыңдық
Дубайда жаңа той салонға қалыңдықты тұтас бойымен бейнелеп пісірген торт қойылды.
16:43 08.02.2018
Қалыңдық кейпінде жасалған тортты сәндеуге кремнен жасалған екі мың гүл және мыңға жуық жейтін інжу тастар кетті.
Кондитерлік қалыңдық киген той көйлегінің авторы - британиялық дизайнер Дэбби Уингхэм. Той көйлегі мен хиджаб кремнен, шоколад пен мастиктен жасалды.
Бұдан басқа, қыздың қолындағы той сақинасында гауһар тас бар.
Жейтін әдемі қалыңдық мүсінінің бағасы – бір миллион доллар.
Айта кетейік, Қазақстанда да мұндай бағалы, әрі салмағы ауыр тәттілер жұртты таңғалдырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!