{metadescription}
ФОТО: Салмағы 5 жасар баланікіндей қыз анорексияны жеңді

ФОТО: Салмағы 5 жасар баланікіндей қыз анорексияны жеңді

23 жасар Конни Инглис 10 жасынан бері анорексиямен күресіп келді.

Үш жыл бұрын оның салмағы бес жасар баланыкімен бірдей болған. Қыздың жағдайы ауыр болған соң ауруханаға жатқызылды.

Қуанышқа орай, ол ауруын жеңді. Сондай-ақ, Конни әлеуметтік желілерде суреттерін жариялап, басқаларды шабыттандыруда.

Үш жыл бұрын ол үстіне кең киімдер киіп жүретін. Бірақ, оның  анорексиядан зардап шегіп келгенін ешкім білмеген.

 «Мен өзімнің дене мүшеме көңілім толмай, түрлі диеталарды ұстап келдім. Өзім қызығып келген қыздар секілді арық болғым келіп, спортпен де шұғылдандым. Қанша арықтасам да, ішімнің майы кетпей қойды. Ақыры соңында, өзім еліктеген қыздардың денсаулығында кінәрат бар екенін білдім. Бірақ, оны кеш түсіндім»,-дейді ауруды жеңген Конни.

Қазір қыз өмірден сабақ алып, басқаларға қол ұшын беріп, көмектесіп жүр. Ол барша адамдарға өздері қандай болса, солай қабылдасын дейді. Толықтық қыздарды сұлу қылып көрсететінін айтып, өзінің жасаған қателігін қайталамауға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде