{metadescription}
ФОТО: Алғашқы күні велоспорттан Қазақстан құрамасында қос алтын

ФОТО: Алғашқы күні велоспорттан Қазақстан құрамасында қос алтын

Кеше Мьянма астанасы Нейпьидо қаласында басталған шосседегі велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына қос алтын медаль түсті.

ҚР велосипед спорты федерациясынан алынған мәліметке қарағанда, аталмыш додаға Қазақстаннан барлығы 16 спортшы қатысуда.

Алғашқы алтын жүлдеге 18 жасар Даниил Пронский ие болды. Ол 22,7 км жекелей жарыста 29 минут 21 секунд көрсетті.

Тағы бір алтын медаль 18 жасар Марина Курносованың еншісінде. Ол 11 км жекелей сында үздік шықты.

Сонымен қатар бүгін ерлер арасындағы элиталық санаттағы командалық жарысқа қазақстандықтар қатысып, бесінші орынға табан тіреді.  Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 ақпанға дейін созылады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде