ФОТО: 200 келілік қолтырауын 20 жыл бойы индонезиялық отбасымен бірге тұрып келген
41 жастағы Мұхаммед Айван 1997 жылы Индонезиядағы Батыс Явадан 2 долларға жаңа туған қолтырауынды сатып алған.
11:41 09.02.2018
Балықшылардан алған қолтырауынды Коджек деп атап, үйіне алып келген.
Иесі осы уақытқа дейін жорғалаушыны бассейнде бағып келді. Қазір қолтырауынның салмағы 200 келіге жеткен және 20 жыл бойы сол отбасында өмір сүріп жатқан.
Коджек үш кішкентай баласы бар отбасында тұрады. Иесінің айтуынша, ол ешкімге зияндық жасамайды.
Адамдар мейірімді Коджекті көруге Индонезияның түкпір-түкпірінен келеді. Тіпті, бір турист оны 74 000 долларға сатып алғысы келген.
Алайда, Мұхаммед отбасының сүйіктісін ешкімге бергісі келмеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!