Корейліктер Олимпиада қонақтарын иттің етімен тамақтандырмақ
2018 жылқы қысқы Олимпиада өтетін Оңтүстік Кореядағы Пхёнчан қаласының мейрамханалары иттің етінен жасалған тағамдарды ас мәзірінен алып тастаудан бас тартты.
12:27 09.02.2018
Басшылардың өтінішіне қарамастан, қоғамдық тамақтану орындары қонақтарына иттің етінен ас ұсынуда.
Ит етінен жасалатын тағам ұсынатын 12 мекеменің екеуі ғана ас мәзінін билік талабына сай өзгерткен. Оның өзі үкіметтен өтемақы ретінде қомақты қаражат талап еткен.
БАҚ көздеріне сүйенсек, Пхенчан шенеуніктері бұл ауданды қысқы ойындарға дайындау үшін бірнеше миллион долларға тең қаражат жұмсаған.
Оңтүстік Корея үкіметі елдегі иттің етін пайдалануға қатысты алаңдаушылық білдіріп, бұл жайттың ел беделіне әсер етуін қадағаламақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!