Қазақстанда GetСontact қосымшасына тыйым салынды
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі GetСontact қосымшасына қолжетімділікті шектеуді ұйғарды.
16:39 09.02.2018
«Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы заңының 41-1 бабына сәйкес, министрлік байланыс операторына қатысты ұйғарым шығарды. Енді «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК ел территориясында GetСontact қосымшасын қолдануды шектеу керек. Себебі, аталған қосымша «Жеке деректемелер және оларды қорғау туралы» заңды бұзған», - делінген хабарламада.
Get Contact Қазақстанда аз уақыт ішінде танымал болып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды.
Ол арқылы кез келген адам қосымшаға өз телефон нөмірін жазып, басқа қолданушылар нөмірін қандай атпен сақтап қойғанын білуге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!