Тірі жолбарысты пошта арқылы жөнелтпек болған
Мексика тұрғыны жолбарыстың баласын (алан) қорапқа жасырып, оны пошта желісі арқылы межелі жеріне жібермекші болды.
17:19 09.02.2018
Алайда, бұны жасырын тауарларды табуға машықтанған иіссезгіш ит тауып алды. Ол кезде жыртқыш пластикалық контейнердің ішінде жатқан.
Белгілі болғандай, шөнжік экспресс-пошта арқылы Халиско штатынан (Мексика) Керетапо штатына бармақшы болған.
Бір қызығы, оның жөнелтпе құжаттары дұрыс болып отыр. Жағдайы да жақсы. Бірақ, жергілікті билік бұл оқиғаны жануарға жасалған қиянат деп танып, кішкентай жолбарысты жануарларды сақтайтын арнайы орталыққа жіберген.
Осы іске байланысты қазіргі таңда жергілікті полицейлер мен табиғатты қорғау мекемесінің өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, мұндай жағдай ақпан айының басында Ұлыбританияда да болған еді. Сол кезде елдің ішкі істер органдары жануарды пошта арқылы жібермекші болған адамды жазаға тартқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!