{metadescription}
ФОТО: Facebook желісінде  жаңа батырма пайда болады

ФОТО: Facebook желісінде жаңа батырма пайда болады

Бұл батырманың басты мақсаты – жағымсыз пікірді өшіріп қана қоймай, ереженің бұзылғаны туралы Facebook әкімшілігіне хабарлау.

Бірақ, мұндай жағымсыз пікірдің үстінен қанша адамның шағымданғанын желі қолданушылары көре алмайды.

Компания Downvote арнайы батырмасын АҚШ-тың кейбір аймағында тестілеуден өткізіп жатыр. Осы батырманы басу арқылы желі қолданушылары жағымсыз пікірлердің үстінен шағым түсіре алады.

«Біз дизлайк батырмасын тестілеуден өткізіп жатыр деп түсінбеңіздер. Бұл қызмет түрінің желі қолданушылары үшін қаншалықты пайдалы болатынын анықтап жатырмыз. Әзірге тексеру жұмыстарына АҚШ-тың кей қолданушылары ғана қатысады», - дейді Facebook өкілі.

Downvote батырмасын басқан соң қолданушы ары қарай пікірдің қандай сипатта жазылғаны туралы хабар береді. Мысалы, «балғаттау мәніндегі», «жалған ақпарат», «тақырыпқа сай емес» сынды батырмаларды таңдай алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде