{metadescription}
ФОТО: Атасының қатігездігі үшін ашыққан әйел салмағы 16 келі болған

ФОТО: Атасының қатігездігі үшін ашыққан әйел салмағы 16 келі болған

Жапониялық әйел Twitter желісінде өзін шамамен 16 келіге дейін арықтағанша аш ұстаған туысы туралы айтып берді.

Әйелдің сөзінше, 10 жыл бұрын оған атасы қамқоршы болыпты. Атасы оған тамақ жеуге тыйым салған.

Ал тамақтанып отырғанда үстінен түссе, ішінен ұрып, тамақты түкіртіп, құсуға дейін жеткізіпті. Нәтижесінде ол қатты әлсіреп, ауруханаға түскен.

Маманадардың сөзінше, оның өлуіне 10 минут қана қалған екен.

Жапониялық әйел өз сөзінің дәлелі ретінде Twitter желісінде салмағы 16,8 келі болған кезіндегі суреттерін жариялады.

Сонымен қатар ауруханадан шыққаннан кейін түскен суреттерін де көрсетті. Айтуынша, оған дер кезінде көмек көрсетіліп, сауығып кетіпті. Қазіргі уақытта салмағы қалпына келген.

Айта кетсек, 16,8 келі салмақ 5 жасар бала үшін қалыпты саналады. Көптеген қыз баланың салмағы 6 жасында шамамен 18 келі болады. Ал 16 жастағы дені сау қыздың салмағы 47 келі болуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде