{metadescription}
ФОТО: Ұшақтың билетін өткізіп аман қалды

ФОТО: Ұшақтың билетін өткізіп аман қалды

Мəскеу түбінде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында қаза болғандардың саны көбірек болуы мүмкін еді. 

Аталмыш ұшақтың бір жолаушысы бірнеше күн бұрын билетін өткізіп тастапты.
 Сочи тұрғыны Максим Коломейцев ұшақ апатынан бірнеше күн бұрын Орскі бағытына сатып алған билетін өткізіп тастапты. Енді ол ажалдан аман қалғанына қуанып, екінші рет дүниеге келген күнін атап өтуде.
Билет тек онда ғана емес, оның қызында да болыпты.

Айтуынша, ол туған күнін Орскіде тойламақшы болған.

Максим Сочи тұрғыны болғанымен, ол Орскіде көлік сатып алмақшы болған. Ұшуға бірнеше күн қалғанда зауыттан көлік құрастырылу кешіктірілетінін айтқан, Сочи-Мəскеу-Орскі бағытына алынған билетті бірнеше күн бұрын қайта өткізіп тастаған. 
Саратов əуежолының Ан-148 ұшағы Мəскеу түбіндегі Рамен ауданында апатқа ұшырады. Əуе кемесінде 65 жолаушы жəне 6экипаж мүшесі болған. Барлығы мерт болды.

 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.